ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коронавирустан қайтқан 82 жастағы қария ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, 1932 жылғы өңір тұрғыны 5 маусым күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Ол негізгі сырқатына қоса қант диабеті және ишемиялық жүрек ауруымен ауырған. Жансақтау шаралары нәтиже бермей, қария 10 маусым күні көз жұмды. Диагнозы: COVID-19-тің ауыр түрі, екіжақты пневмония.
Осылайша БҚО-да қайтқандар саны төртеуге жетті.
Еске сала кетейік, бұдвн бұрын БҚО-да 15 маусымнан бастап қандай шектеу шаралары енгізілетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).