БҚО-да көршісі 4 және 5 жастағы қыздарды зорлаған - БАҚ
Облыстық Полициядепартаментінен мәлім еткендей, факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыбасталды.
«Теректі ауданыныңполиция бөлімі облыстың екі тұрғынынан түскен арыз бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша сотқа дейінгітергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталды»,- деді департаменттен.
«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, 19 жастағы жігіт БҚО-ның Жаңа өмірауылында кішкентай қыздарды зорладыдеген күдікпен қолға түсті. Зардап шеккендер4 және 5 жаста. Қазір олар ауруханада жатыр. Күдіктінің өзі олармен көршілестұрған.
«Алдынала мәлімет бойынша, ол көрші үйде тұрған екі жас қызды зорлаған. Бұлтуралы 7 тамыз күні қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқан соңбелгілі болды. Журналистерге бұл туралы БҚО қорғаушылар мекемесіндегі дереккөзхабарлады. Ауылда бұл ақпаратты белгісіз болып қалғысы келген жергілікті тұрғынрастап берді. Оның айтуынша, екі қыздың біреуі қалада тұрады, бірақ қылмыскезінде кентіндегі туыстарына қонаққа келген... Ұсталған азамат жақында әскерден келген, әскергедейін төбелеске қатысқаны үшін бірнеше рет полицияға жеткізілгені белгіліболды. Бүгін, 9 тамызда, сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданутуралы шешімін шығаруы тиіс. Ол тергеу кезінде қамауда болады», - делінген ақпаратта.