ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 30 шілде күні сағат 03.06-да Самара-Шымкент жолының 318-шақырымында, Сырым ауданы аумағында «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2170» автокөліктері түйіскен. Содан кейін қос көлік толықтай өртеніп кеткен.
Оқиға орнына БҚО ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 9 қызметкер және 1 техника барған. Өрт сөндірілген. Қаза тапқандардың кім екені анықталу үстінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылған. 7 адам өртенген. Мүрделерді полиция алып кеткен.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндігін жеткізді
Иллюстрациялық фото
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).