БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 наурыз күні сағат 03.20-да Атырау-Орал жолының 258-шақырымында орын алды.

«Volkswaqen Passat» автокөлігі мен «ВАЗ-2114» автокөліктері түйіскен.

Жол апаты салдарынан «Volkswaqen Passat» көлігінде болған 1981 және 1962 жылғы екі адам көз жұмды. Олардың денелерін құтқарушылар шығарды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік мотоциклмен соқтығысып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.