ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы үш адамды құлдықта ұстап, малын бақтырып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған оқиға «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталған.
Жаңақала ауданында Х. деген 48 жастағы қожалық басшысы 28, 37 және 41 жастағы үш ер адамды қорқытып, «Майдан» қыстағында он күн бойы заңсыз ұстаған. 30 қазан мен 10 қараша аралығында малын бақтырып, жұмысын жасатқан.
Бұлардың үшеуі де – облыс тұрғындары.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полицейлер «сары қыздың» елесі жайлы ақпаратты тексеретінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).