ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында күн райының нашарлауына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 19 ақпан күні сағат 11:20-дан бастап республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы (0-213 км, Чапаевтан Казталовқа дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Сондай-ақ, сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін) жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды.
Жабылу себебі – боран, жолдың көрінуінің нашарлауы.
Осыған байланысты БҚО ТЖД ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралардың алынып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).