БҚО-да құрылыс компаниясының екі қызметкерін ұрып-соққан күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша төрт күдікті қолға түсті. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 шілде күні шамамен сағат 15.00-де Жаңақала-Чапаев жолы бойында болды. 

— Барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі департамент басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады ведомстводан. 

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, күдіктілер жол салушы «Ануш Құрылыс» ЖШС-ның екі қызметкерін ұрып соққан. Олардың біреуі — армениялық азамат. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тендерді жеңіп алған депутаттың компаниясы жол салмай отырғанын жазған едік.