БҚО-да күшті жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында күшті жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті.
Фото: БҚО ТЖ баспасөз қызметі
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 7 шілде күні «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті.
Фото: БҚО ТЖ баспасөз қызметі
«Соның салдарынан Тасқала ауданы Тасқала ауылында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық электр торабы подстанциясының шатыры сыпырылып түсті. Сондай-ақ Орал қаласында Б.Жұмағалиев көшесі 15-мекенжайында үш қабатты тұрғын үй, осы көше бойында «Колесникова» ЖК пельмен цехы, Алаш көшесі 57-мекенжайда салынып жатқан үш қабатты үйдің шатыры жұлынды. Қазіргі кезде ақпарат нақтыланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО ТЖ баспасөз қызметі
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Теректі ауданы Шалқар көлі жағалауында демалып жатқандар алапат дауылға тап болды. Әп-сәтте киіз үйлерді су басып, демалып жатқандар қашып құтылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында шаңды дауыл соққанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).