ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданында мал іздеуге кеткен жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы Ақылбек Сағитовтың айтуынша, Талдықұдық ауылының 1985 жылғы тұрғыны Дәурен Оразаев 18 қараша күні өзінің көлігімен шыққан. 22 қараша күні көлігі су арнасы жағасынан табылған. Аудандық ТЖ бөліміне хабар 22 қараша күні түскен.
Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Орал қаласынан сүңгуірлер де келген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).