Олардың автокөліктерінің салонын тексеру кезінде 16 ақпанға қараған түні күдіктілер Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрлап әкеткен бір ірі қара малдың еті, балта, арқан және 3 пышақ табылды.
«Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында 2022-2023 жылдары бұрын жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы анықталды», - деп жазды ІІМ-нен.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.