ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай майдангерлерге бір жолғы жәрдемақы 300 мың теңгеден берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Раушан Саттықованың айтуынша, бастапқыда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 мың теңгеден беру (барлығы 16,650млн теңге) көзделген болатын, кейін екі есе көбейтілді.
«Орал қаласы бойыншатиісті шешім қабылданып, майдангерлерге 300 мың теңгеден берілетін болды.Облыста барлығы 111 майдангер болса, соның 81-і қалада тұрады. Сонымен қатар барлығы бірдей болу үшін өз шешімдерін өзгертіп, қосымша қаражат қарау жөніндеаудандарға да сондай нұсқау берілді. Осылайша аудан-ауылдарда тұратын майдангерлер де 300 мың теңгеден алатын болады», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Р.Саттықова.
Еске сала кетейік,өңірде 111 майдангер қалғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).