БҚО-да майлы дақылдар да жиналуда

None
ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында майлы дақылдар да жиналуда.

Өткен жылы 80 мың гектарға майлы дақылдар егілген болса, биыл 116 мың гектарға жетті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бастығы Денис Омашевтің айтуынша, майлы дақылдар егістігі көлемі биыл 40 пайыз дерлік ұлғайтылды. «Батыс Күнбағыс» АҚ жанындағы қызмет көрсету-дайындау орталығы 278 тонна майлы дақылдар тұқымын сатып алып, оны тауарлы несие есебінде шаруаларға берді. Сонымен қатар майлы дақылдарға демеуқаржының едәуір көбеюі де елеулі роль атқарды. Мәселен, 1 га үшін мемлекет 3560 теңге төлейді, бұл дәстүрлі технологиямен дәнді дақылар себетіндерге беретін сомадан 9 есеге артық.

Биыл 116 мың гектардың 102,8 мың гектарынан (13,2 мың гектары есептен шығарылды) өнім жиналуы тиіс. Күні бүгін 26,3 мың гектардан (25,6 пайыз) 12,1 мың центнер өнім алынып отыр немесе әр гектардан 4,6 центнерден алынуда.

Алдын ала болжам бойынша 41 мың тонна майлы дақылдар жиналуы тиіс болса, соның 26,9 мың тоннасы - күнбағыс. «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның шикізат ретінде тұтынатын қажеттілігі - 21 мың тонна.