Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов 4 автокөліктің екеуін аудандық ауруханаға және Алғабас, Елтай ауылдық округтеріне медицина көлігінің кілтін табыс етті.
- Биылғы 2024 жылымызды игі істермен бастағалы отырмыз. Ауданымыздың денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жаңадан жедел жәрдем автокөліктерін табыстамақпыз. Ауданымызда барлығы 18 жедел жәрдем автокөлігі болса, соның 90%-ының тозығы жеткен. «Соболь» маркалы жедел жәрдем автокөліктері жол талғамайды, іші алғашқы көмек көрсетуге арналған замануи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартады. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жедел жәрдем автокөліктері ауыр халдегі науқастарды аудан орталығына жеткізуге көп көмегін тигізеді. Пайдалануға берілгелі тұрған автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсете берсін. Ауданымыздағы седицина саласының қызметкерлерін бүгінгі жаңа жедел жәрдем автокөлігінің табысталуымен құттықтаймын. Алдағы жұмыстарынңызға сәттілік тілеймін!, - деді аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы.