ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 18.10 шамасында Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылы тұсында Жайық өзеніне 1999 жылғы Н. деген тұрғын батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, биыл ғана орта мектепті бітірген марқұм достарымен бірге суға шомылуға барған. Қазіргі таңда оның денесі іздестірілуде.
Айта кетейік, биыл осымен үшінші мектеп түлегі суға кетіп отыр. Бұдан бұрын Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарынан Оралға оқуға түсемін деп келген қыз бен бозбала күтпеген жерде қазаға ұшыраған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).