БҚО-да мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Ақжайық аудандық бөлімшесінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді

None
ОРАЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы БҚО Ақжайық аудандық бөлімшесінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

Бұл мақсатқа мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қорынан 6 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ жиһаз, кеңселік жабдықтар сатылып алынды.

Аудан әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық зейнетақы төлеу орталығының директоры Асқар Қожумов қайта түлеген ғимаратты аралап, еңбек мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Аудандағы филиал 14500 адамға қызмет көрсетеді. Айына төлем жөнінде 21 қызмет көрсетіледі. Бұл 210 млн. теңгені құрайды.