ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қан орталығында 11-20 ақпан күндері «Мен донормын!» онкүндігі өтуде.
Бұл шараны «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акциясы аясында «Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.
Онкүндік барысында облыстық және қалалық мәслихаттың бірқатар депутаты, жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындарының студенттері мен белгілі спортшылар, ұзын саны 1 мыңға жуық адам ерікті түрде қан тапсырып, донорлар қатарын көбейтпек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).