ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында бұдан 3,5 жыл жарым болған МИ-8 тікұшағының апатына байланысты қылмыстық іс Бәйтерек аудандық № 2 сотында қаралып жатыр.
Апат Батыс Қазақстан облысы аумағында 2023 жылы 23 ақпан күні болды.
Тіұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ өтініші бойынша Атыраудан ұшып шығып, Оралға бағыт алған. Бортта алты адам — экипаждың бес мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір өкілі болған.
Қайғылы оқиға салдарынан экипаждың төрт мүшесі қаза тауып, екі адам жарақат алды.
— Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сәйкес іс сотта қаралып жатыр, — деп мәлімдеді Бәйтерек аудандық № 2 соты.
Куәгерлер шақыртылып, жауап алынып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағы туралы не білетініміз жөнінде жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).