ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан ер адам мен оның бес жасар ұлы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылында болған. «Урал» мотоциклі мен «Toyota Rav-4» автокөлігі түйіскен.
Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның ұлы Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Кейін олар жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша, Теректі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста жеңіл автокөлік пен мотоцик соқтығысып, алты адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).