БҚО-да мұнай тиеген қос автокөлік ұсталды

Фото: None
ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 3 қазан күні көлемі 51 текше метр,

құны 5,2 млн. теңгені құрайтын мұнайгазконденсатын апара жатқан «КамАЗ» маркалы қос автокөлікті ұстады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш өнімнің «Жайықмұнай» ЖШС-ына тиесілі «Чинарев-Белес» магистралды мұнай құбырын заңсыз тесіп кіру арқылы жымқырылғаны анықталды.

Осы факті бойынша К. деген азамат және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 175-бабы 4-бөлімі «б» тармағы, 183-1 бабы 1-бөлімі, 304-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Қазіргі уақытта К. деген азамат ҚР ҚІЖК 150-бабына сәйкес қамауға алынды.