АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі адам оқыс оқиғадан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, 9 желтоқсан күні сағат 17.00 шамасында Зеленов ауданы Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінен 8 шақырым жердегі Көшім арнасынан екі ер адамның мәйіті табылды. Олардың 1949 және 1953 жылы туғаны анықталды. Екеуі кеше балық аулаймыз деп кеткен. Содан мұз ойылып, суға кетіп, көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).