ҚР Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақовтың мәлім еткеніндей, соның ішінде ұлттық валютамен берілген несие көлемі 58,7 пайызға (156,5 млрд теңге) өссе, шетел валютасымен берілген қаражат 61,3 пайызға (0,9 млрд теңгеге дейін) азайды. Жеке тұлғаларға 72,9 млрд теңге (өсім - 64,7 пайыз), заңды тұлғаларға 84,9 млрд теңге (өсім - 49,2 пайыз) берілді.
Шағын кәсіпкерлік нысандары 23 млрд теңге несиеге қол жеткізді, бұл 62,1 пайызға көп. 10,3 млрд теңге азаматтарға тұрғын үй салу мен сатып алу үшін берілді. Халыққа тұтыну мақсатында берілген несие көлемі 54,1 млрд теңгеге жетті.
Биылғы 1 қазанға несиелер бойынша берешектің жалпы мөлшері 211 млрд теңгені құрап, өткен жылғыдан 10,5 пайызға көбейді. Соның ішінде 119 млрд теңге жеке, 92 млрд теңге заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.
Шағын кәсіпкерлік нысандарының берешегі 52,8 млрд теңгеге жетіп, бұл да 16,2 пайызға өсіп отыр. Азаматтарға тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген несие бойынша берешек 34,2 млрд (өсім - 19,3 пайыз), тұтыну мақсатындағы несиелер бойынша бережақ 70,5 млрд теңгені (өсім - 20,7 пайыз) құраған.
Дегенмен мерзімі өткен берешек (10.4 млрд теңге) өткен жылғыдан 7,4 пайызға кеміді.
Айта кетейік, филиал алтын және күмістен жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды жүзеге асырады. Жыл басынан бері құнды металдардан жасалған 371 монета сатылды. 2017 жылы Ұлттық банк «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Грейг қызғалдағы», «Шығыс күнтізбесі» сериясынан «Ит жылы», «Қазақстан халқының ертегілері» сериясынан «Неміс ертегісі» (Бремен музыканттары), «Республика игілігі» сериясынан «Алтын дән даласы», «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан «Ы.Алтынсарин», сондай-ақ «Игілік монетасы» («Тасбақа») монеталарын шығарды.