ОРАЛ. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Қазталов ауданы Талдыапан ауылында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың сөзіне қарағанда, 9-сынып оқушысы өз үйінде асылып қалған. Аталмыш отбасының жағдайы жақсы, марқұм қыз - алты баланың бесіншісі. Қыз ата-анасының қолдауымен ЭКСПО-2017 көрмесін көріп қайтуға аттануы керек еді. Бір күн бұрын құрбыларын аралап шығып, «ЭКСПО-ға барарда не киеміз?» деп ақылдасқан. Қыз «Мені ажал шақырып жүр...» деп хат жазып, қалдырып кеткен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).