БҚО-да өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 54 пайызға өсіп отыр

None
ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда өңдеу өнеркәсібінде 25,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 54,0 пайызға артық.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, машина жасау саласында 2857,8 млн. теңгені өнімі шығарылды, бұл 2010 жылғыдан 36,9 пайызға көп. 786,4 млн. теңгеге дайын металл бұйымдары жөнелтілді, бұл 8,3 пайызға өсті. Басқа металл емес минералдық өнімдер көлемі 615,3 млн. теңгеге жетіп, 2,2 есеге асып түсті. Сондай-ақ 12799,9 млн. теңге мұнай өңдеу өнімдері өндіріліп, 3,1 есеге көбейді. Резеңке және пластмасса өндіру 30,7 пайызға өсіп, 209,9 млн. теңгені құрады. 136,3 млн. теңгенің тоқыма және тігін өнімдері де (37,7 пайызға артық) шығарылды. Сол секілді 5788,5 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 8,5 пайызға көп.

Өңірде биылға жоспарланған сегіз инвестициялық екеуі, атап айтқанда, «Диаметрі 630 миллиметрге дейінгі полиэтиленді тұрбалар өндірісі» мен «Газ айдау агрегаттары турбиналық және компрессорлық күрекшелері өндірісі» жүзеге асырылды.