ОРАЛ. ҚазАқпарат – Шыңғырлау ауданында орман арасынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Шыңғырлау ауылында орын алды.
Кеше сағат 17.00-де ауылдың оңтүстік бөлігіндегі тоғай ішінен зорлықпен өлтірілген 1962 жылғы ер адамның жерге көміліп тасталынған денесі табылды.
Марқұмның кім екендігі анықталды. Ол 20 қыркүйекте із-түзсіз жоғалған адам ретінде тіркелген болатын.
Қазіргі кезде оқиға куәгерлері мен қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел тергеу шаралары жүргізілуде.
ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бір күнде үш адамның жол апаттарынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).