ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өрт кезінде мал мен құс тірідей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖдепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 шілдекүні сағат 03.18-де Қаратөбе ауданы Соналы ауылында орын алды.
Жеке тұрғын үйдіңауласында 13 тонна пішен мен қора-қопсы отқа оранды. Өрт аумағы 135 шаршыметрді қамтыды.
«Тілсіз жау»салдарынан 3 бас сиыр, 25 құс жанып кетті.
Өрт 08.10-даоқшауланып, 09.57-де сөндірілді.
Қазіргі кездеөрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).