ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 04.19-да Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округінде болды.
Таловая ауылындв тұрғын үй отқа оранды.
Аумағы 80 метрді қамтыған өрт орнынан 1977 жылғы азаматтың денесі табылды.
Екінші дәрежелі күйік алған 1971 жылғы ер адам ауруханаға жатқызылды. Оның беті мен аяғынан 40 пайыз күйік шалған.
Алты адам, екі техниканың күшімен өрт 08.27-де оқшауланып, 10.21-де сөндірілді.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).