Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Тілсіз жау сағат 03.53-те ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын 54 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды.