БҚО-да өрттен екі жүзге жуық қой-ешкі тірідей жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Қазталов ауданы Талдыапан ауылынан 17 шақырымдай қашықтықта болған дала өртінен 100 ешкі, 90-нан астам қой тірідей жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, сағат 21.00-де сөндірілген өртті ауыздықтауға 38 адам, 8 техника жұмылдырылған.  
Талдыапан ауылдық округінің әкімі Асқар Есқалиевтің сөзіне қарағанда, қой бағып жүрген 1990 жылғы азаматтың денесін 70 пайыз күйік шалған. Қазір ол Жалпақтал ауруханасында жатыр.

Еске сала кетейік, кеше сондай-ақ Ақжайық ауданы Базаршолан және Базартөбе ауылдық округтерінде өрт тіркеліп, шабындық және жайылымдық жерлер отқа оранған болатын.