ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес өзге елдің азаматтығын алғандығын хабарламаған тұрғынға 200 АЕК көлемінде 453,8 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам РФ азаматтығын алғанымен, оны ішкі істер органдарына хабарламаған. Соған байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданған болатын.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).