БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін соның 38 731-і немесе 96,8 пайызы жазылып шықты.
Олардың 15 193-і инфекциялық стационарларда, 23 538-і амбулаторлық ем алды.
Індет басталғаннан бері барлығы 847 адам көз жұмды.
Г.Әбдірахманованың айтуынша, қазіргі кезде 286 науқас амбулаторлық ем алуда. Олардың 76 пайызында ауру жеңіл өтуде. 4 пайызында орташа, 20-сы – симптомы жоқтар.
Облыста 504 төсектік 9 инфекциялық стационарда 64 адам емделуде. Соның 10-ы жансақтау бөлімшелерінде.
«Өңірде осы кезге дейін 254 072 адам (барлық егілуге тиісті тұрғындардың 61,3 пайызы) вакцинаның І, 240 604-і ІІ компонентімен егілді. Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 4714 адам қабылдаса, соның 145-і – жүкті, 1892-сі – бала емізетін әйелдер, 2677-сі – жасөспірімдер. Сондай-ақ 11 808 тұрғын ревакцинациядан өтті. 22 желтоқсан күні облысқа 17 550 доза , оның ішінде 2 677-сі жасөспірім, 145-і жүкті және 1 892-сі бала емізетін әйелдер. 22 желтоқсанда облысқа 17 550 доза «Комирнати» вакцинасы жеткізілді», деді Г.Әбдірахманова.
Басқарма басшысының орынбасары әлемде «Омикрон» штамының таралуына байланысты уақтылы вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Омикрон» штамына байланысты БҚО-да шетелден келген 100-ден астам қазақстандықтың бақылауға алынғанын жазған болатынбыз.