БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Конституцияның 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Фото: БҚО ПД
Полиция қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, Ата заңның еліміз үшін маңыздылығын атап көрсетті.
Фото: БҚО ПД
Содан кейін ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғысхаттар мен грамоталар табыс етілді.
БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан төсбелгілер, алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды. Бірқатар қызметкер департамент бастығының бұйрығымен марапатталды.
Фото: БҚО ПД
Сонымен қатар аудандық полиция бөлімдеріне 30 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді. Салтанатты жағдайда жас полиция қызметкерлері әріптестерінің алдында Отанға және халыққа адал қызмет етуге ант берді.
Фото: БҚО ПД
Іс-шара Орал гарнизоны полициясының салтанатты шеруімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен қыз табылып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).