БҚО-да прокуратура қызметкері өзіне-өзі қол жұмсады
15:57, 08 Мамыр 2025
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында қайғылы оқиға болды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 мамыр күні Теректі ауылында болған.
— Теректі ауданы прокуратурасының қызметкері қызметтік үйінің ауласында өз өмірін қиған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Мән-жайды анықтау үшін БҚО полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Облыс прокуратурасы марқұмның отбасына қайғыға ортақтасып көңіл айтады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады прокуратурадан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.