БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 қылмыстық құқықбұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Прокурорлық ықпал ету шараларымен 19 заңсыз акті өзгертілді және бұзылды. 780 адамның конституциялық құқығы қорғалып, заң бұзған 274 адам түрлі жауапкершілікке тартылды.
Осындай шаралар нәтижесінде бюджет 2,1 млрд. теңгеге толықтырылды. Сондай-ақ 98 млн. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.
Осы мерзімде 177 жұмысшы-қызметкерге 30,5 млн. теңге жалақы берешегі өтелді.
Сыбайлас жемқорлық жасаудың 2, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылық жасаудың 17 дерегі анықталды.
Агроөнеркәсіп кешені нысандарын субсидиялау саласында заңбұзушылық жиі орын алуда. Соның салдарынан келтірілген залал 337 млн. теңгеге бағаланып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 14 материал тіркеліп, 1 адам сотталды, төрт іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Үш ұсыныс бойынша 31 млн. теңгені өндіру жөнінде шешім қабылданды.
Тұрғын үй заңнамасының сақталуына қатысты жүргізілген тексерістер де жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі көптеген былықтың бетін ашып берді. Соның нәтижесінде 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, соның екеуі қызметімен қош айтысты.
00:29, 02 Тамыз 2017
БҚО-да прокуратураның араласуымен 2,1 млрд. теңге бюджетке қайтарылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты нығайту бағытында 124 тексеріс жүргізіліп, 1 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Оны жою үшін 212 прокурорлық акті енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.