ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 125-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде соңғы тіркелген үш науқас – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының 20, 21 және 24 жастағы тұрғындары.
Олар Самара облысымен шектесетін «Сырым»» автоөткелінен өткеннен кейін денсаулықтарына шағымы болмағанымен, карантиндік стационарға жатқызылды.
Зерттеу қорытындысымен COVID-16 диагнозы расталғаннан кейін үшеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі кезде жағдайлары қанағаттанарлық.
Осылайша облыста ауырғандар саны 125-ке жетсе, соның басым көпшілігі – Ресейден келгендер.
Сырқаттанғандардың жетеуі жазылып шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын, арнаулы әскери жиынға шақырылған 94 батысқазақстандықтың қызметке кіріскенін, Оралда ертеңнен бастап қоғамдық көліктер жүре бастайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).