БҚО-да республикалық жолдарда жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жолдар ашылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстаноблысындағы республикалық маңызы А-31 «Чапаево-Жалпақтал-Қазталов-РесейФедерациясының шекарасы» автожолының 157-192 км учаскесіндегі күрделі жөндеужұмыстарына байланысты уақытша айналма жолдар ашылды. Уақытша қозғалыс негізгіжолдың оң жағынан 163-170,2 шақырым аралығында ұзындығы 7,2 шақырым айналма жоларқылы жүзеге асуда. Биыл айналма жолды 163 шақырымнан бастап 178,5 шақырымғадейін ұзарту жоспарланған», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Р-44«Қазталов-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы» күре жолының бойында 4,8-8,4шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 3,6 шақырым уақытша айналма жол ашылды.Айналма жол негізгі жолдың оң жағында орналасқан. Биыл айналма жолдың ұзындығын9 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.

Барлық айналмажолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабықжол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған.

Соңғы жаңалықтар