ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекарашыларымен бірге «Сырым-авто» бекетінде Самара қаласындағы (РФ) ЖОО-лардың бірінде оқитын 18 жасар студентті қолға түсірді.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азамат Орал-Самара бағыты бойынша автобуспен сапар шегіп бара жатқан. Одан қарау кезінде сараптама қорытындысына сәйкес кептірілмеген марихуана табылған. Оның салмағы 251,5 грамды құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).