ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында санитарлық талаптарды бұзғандарға екі күнде 2,2 млн астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, облыста індетке қарсы күрес шаралары жалғасуда.
Жергілікті полиция органдары мен мониторингтік топ материалдары негізінде 10-11 тамыз күндері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 33 хаттама толтырылып, қысқартылған өндірісті қоса есептегенде, 2,250 млн астам теңге айыппұл салынды.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 3 жеке кәсіпкер 230 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Бұлардың екеуі ашуға рұқсат берілмеген нысан болса, біреуі шектеулі уақыттан кейін жұмыс істеген.
Сонымен қатар 30 жеке тұлға (30 АЕК көлемінде) жауапқа тартылды. Соның ішінде 22 адам түнгі 23.00-ден кейін өз көлігімен жүрген. Ал екі тұрғын көпшіліктің қатысуымен шара өткізген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).