«Орал қаласы Телецентр ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде тұрғын үй мен моншадан өрт шықты.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 102 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мақта өңдеу зауытынан өрт шыққанын жазғанбыз.