ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жергілікті сағат 16.00-ге дейін дейін 295236 адам немесе барлық сайлаушылардың (430875) 68,52 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Облыстық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, белсенділік, әсіресе, Қаратөбе ауданында жоғары. Мұнда 9469 сайлаушының 8686-сы немесе 91,73 пайызы өз таңдауын жасады. Сондай-ақ Шыңғырлауда 9637 сайлаушының 8804-і немесе 91,36 пайызы, Жаңақалада 14104 адамның 12871-і немесе 91,26 пайызы дауыс берді.
Орал қаласында 211961 сайлаушы тіркелсе, соның 104539-ы (49,32 пайыз) сайлау учаскелеріне келді.
Дауыс беру одан әрі жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).