ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы қала тұрғындарын құлдықта ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жағдай Ақжайық ауданында анықталып отыр.
Департаментке шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат түскен.
«БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған дерек расталды. Соның нәтижесінде Орал қаласының бірнеше тұрғыны полицияға арызбен жүгінді.
Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).