БҚО-да шекарадан заңсыз өткен шетел азаматы ұсталды

None
ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 2 желтоқсан күні Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полициясының қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында Сайқын ауылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен шетел азаматын ұстады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оның Астрахан облысының тұрғыны екені белгілі болды. Жасы 38-де.