ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырған. Шенеуніктер «Сырым» шекаралық бекеті арқылы кедергісіз өту және тауарлы-көліктік құжатын тексеру кезінде кәсіпкерлерден пара алып отырған.
«Тағылған айыпты толық мойындағаны үшін күдіктілерді процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Күдіктілерге қатысты соңғы кесімді сот шығарады.