ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 485 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның ішінде 340 адамда ауру белгілері болса, қалған 145-інде симптомсыз өтуде.
Ауырғандардың 275-і ЖРВИ белгілері бойынша қаралғанда, 161-і індет ошағын тексергенде, 45-інен профилактикалық мақсатта, төртеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынғанда анықталды.
Соңғы төрт тәулікте сырқаттанғандардың 266-сы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында 83, Шыңғырлауда 25, Бөрліде 24, Қазталовта 22 адамнан індет табылды.
Облыста індет басталғаннан бері 16385 адам коронавирус жұқтырса, соның 13108-і жазылып шықты. 257 адам көз жұмды. Соның ішінде ауырғандардың 9439-ы Оралда, 1742-сі Бөрлі, 1701-і Бәйтерек аудандарында тіркелген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы ауылда карантин күшейтіліп, санпостар қойылатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).