БҚО-да соңғы төрт тәулікте 250-ден астам адамнан коронавирус табылды
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соның 175-інде ауру белгілері бар, 78-інде симптомы жоқ болып шықты.
Ауырғандардың 143-і ЖРВИ белгілерімен тексерілген. 73-і бұрын індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 36-сы профилактикалық мақсатта қаралған.
Сырқаттанғандардың тең жартысына жуығы, яғни 114-і Орал қаласында анықталды. Сондай-ақ соңғы төрт күнде Бәйтерек ауданында 52, Бөрліде 32 адамнан коронавирус анықталды.
Пандемия басталғаннан бері облыста барлығы 37 668 науқас тіркелсе, соның 30 024-і жазылып шықты. 774 адам көз жұмды.
Індет жұқтырғандардың 18 907-сі Орал қаласы, 5016-сы Бәйтерек, 4587-сі Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 300-ден астам науқастың инфекциялық стационарларда ем алып жатқанын жазған болатынбыз.