Сондай-ақ құрылысшыларды қажетті көлемде құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және жаңа құрылыс алаңдарына бөлінбеген нысандарды орналастыру мәселелері де талқыланды.
Қазіргі мәліметтер бойынша Батыс Қазақстанда қазірдің өзінде 398 үйдің құрылысы басталып, 726 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 57 үй сатып алынған.
«Бүгінгі таңда 2761 нысанда техникалық байқау аяқталып, нәтижесінде 401-ін қайта салу, 1063-ін сатып алу туралы шешім қабылданып, қалған нысандар жөндеуге жатады деп танылды», - делінген хабарламада.
Анықтама үшін. Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4041 үй зардап шексе, оның 1491-і тұрғын үйлер және 2550-і саяжайлар, жалғыз баспана болған.
Министр сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы бөлуге көмектесуге ниет білдірген бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.