ОРАЛ. ҚазАқпарат - 10 мамыр күні сағат 11.30 шамасында Қазталов ауданы Бостандық ауылының тұрғыны Г-ның Сарыөзеннен («Машдвор» қыстағы маңында) мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш ауыл тұрғынының жоғалып кеткені жөнінде жергілікті полиция бөліміне 9 мамыр күні хабарланған. Содан бері іздестіріліп, кеше табылған.
Қазіргі кезде аталмыш оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы ауылдың 1972 және 1973 жылғы қос тұрғыны биылғы 24 наурызда «Нива» автокөлігімен мал іздеп жүріп, абайсызда суға батып кеткен болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).