ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында «Алтын шатыр» сыра қайнату кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 05.46-да болды.
Халықтар достығы 6/1 мекенжайында бір қабатты ғимаратта кабинет, төбе жабыны және жабдықтар жанған.
Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрады.
«Тілсіз жау» 06.26-да оқшауланып, 07.10-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 8 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).