БҚО-да табылған ҰОС кезіндегі әуе бомбасы жойылды - ҚР ТЖМ

АНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 9 қарашада Батыс Қазақстан облысының жергілікті тұрғыны тауып алған Ұлы Отан соғысы кезінен қалған әуе бомбасы жойылды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«11 қарашада сағат 11.00 әуе бомбасының бөлшектерін БҚО ІІД «Арлан» саперлері жарып жіберді. Әуе бомбасы толықтай жойылды, оқиға орнында жарылғыш заттардың қалдықтары табылмады», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.