«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Зеленов ауданында Быковка өзеніндегі су көтеріліп, бүгін Чеботарев ауылындағы гидробекетте 786 сантиметрге жеткен. Қауіпті деңгей - 810 см.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тиісті шаралар алынып жатқанын жеткізді.
Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, қазіргі уақытта арнайы қызметтер жұмыс жасап, жағдай бақылануда.
Еске сала кетейік, Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылы тұсындағы дамбаны қатты еріген қар суы 8 сәуір күні бұзып кеткен болатын. Одан кейін 10 сәуір күні Тасқала ауданы ІІ Шежін ауылындағы судың деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған едік.
Тасқала ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, ІІ Шежін ауылында сайлы жерлерге су толған болатын. Қазіргі уақытта судың бағыттары жырылып, суды сорғызу жұмыстары жүргізілуде. Судың деңгейі төмендеген. Мектепке дейін баратын айналма жол бар. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Иллюстрациялық фото