БҚО-да тағы бір үйге су кірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласына қарасты Қызылтал шағын ауданында тағы бір үйге су кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсай қаласының әкімі Амангелді Тоғызбаевтың айтуынша, аталмыш үй еңісте орналасқан.

«Қазіргі уақытта сол үйден тұрғындар шығарылуда. Басқа да көмектер көрсетілуде», - деді Амангелді Тоғызбаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылталда бір ауладағы екі үйге су кіргенін жазған болатынбыз.